header-ru
20Февраль

МОН категорически против приватизации объектов образования

МОН категорически против приватизации объектов образования

mon

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Министерство образования и науки Республики Казахстан

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

БҒМ білім беру объектілерін жекешелендіруге үзілді-кесілді қарсы

Бұл туралы Білім жəне ғылым министрлігінің өткен Алқа жиналысының отырасында министр Ерлан Сағадиев айтып кетті. «Сенімді басқаруға беруді себеп қылып, жергілікті жерлерде балабақшалар мен колледждерді жекешелендіру жүргізіліп жатыр деген ақпарат бізге келіп түсуде. Біз жекешелендіруге үзілді-кесілді қарсымыз. Өткен жылы 700-ден астам жаңа балабақшалар мен мини-орталықтар ашылғаны жақсы болды, көбісін жеке кәсіпкерлер ашты. Біз ондайды қолдаймыз, бірақ ештеңені жекешелендіру қажет емес. Балабақшаларды қайта сатып алу басымыздан өткен. Білім беру объектілері əлі де біраз уақыт жеткіліксіз болады» - деп БҒМ басшысы өз позициясын білдірді.

«Білім жəне ғылым министрлігінің жеке мектептер желісін кеңейту қажеттілігі туралы мәлімдемесін дұрыс түсіну керек. Сөз тек жаңа мектептер туралы қозғалуда. Жаңа мектептердің құрылысын жеке инвестицияларды тарту арқылы да ынталандыру қажет. Дегенмен барлық мемлекеттік мектептерді сақтап қалу жəне жеке сектор бармайтын жерлерде салуды жалғастыру керек» - деп ҚР БҒМ "Қаржы орталығы" АҚ-ның басшысы Асқар Ибраимов өз жағынан түсініктеме жасады.

Шынымен де мектептер салу қажеттілігі үлкен, бұл халық санының өсуімен де, қала тұрғындарының артуымен де байланысты. Министр Е.Сағадиев мәлімдемесі бойынша, əрбір екі жыл сайын 300-ге жуық мектеп салу керек, оған бюджеттік қаражаттан 350-400 млрд теңге қажет болады. Білім беру ведомствосы басшысының ойынша, жеке капитал тартуды ынталандыру керек. Сонымен қатар, министр "мемлекет мектептер құрылысын, əсіресе, ауылдық жерлерде салуды жалғастырады" деп ерекше айтып кетті.

ҚР БҒМ

Баспасөз қызметі

  • Общая оценка (0)

    0 из 5 баллов

    Добавить комментарий

    Комментировать как гость

    0
    • Комментариев нет
Опрос
Считаете ли вы необходимой обязательную школьную форму?
Считаете ли вы необходимой обязательную школьную форму?
You must select at least one item to vote!

Опрос

Считаете ли вы необходимой обязательную школьную форму?
Да, это дисциплинирует учащихся, прививает навыки этикета - 42.9%
Да, это не подчёркивает социальную принадлежность ученика - 14.3%
Нет, форма лишает ученика индивидуальности - 42.9%
Нет, это невыгодно для семейного бюджета - 0%
Затрудняюсь ответить - 0%

Всего голосов: 7
The voting for this poll has ended on: 31.12.2014

Последние комментарии

Guest - колюшко
а если я механизатор а жена безработная на какие средства я одену троих детей согласно вашим новым т...

ban 1 

ban 2

ryh

WhatsApp1

bilimland logotip

gos zakup rus

kundelik

nobd