header-kz
15Май

Образованная нация – качество обучения и семейные ценности»

«Білімді ұлт – оқыту сапасы және отбасылық құндылық»

ryh

2018 жылдың 15 мамыр күні сағат 18.30-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Федоров ауданының білім беру ұйымдарында «Білімді ұлт – оқыту сапасы және отбасылық құндылық» жалпы ұлттық ата-аналар жиналысы өткізілді.

         Жиналыс мақсаты: мемлекеттік білім беру саясат бағыттары туралы ата-аналарды ақпараттандыру, орта білім беру жүйесінің жетістіктері және мектеп басқарушылығындағы педагогтар мен ата-аналардың бірігу күші.

         Ата-аналар жиналысы Халықаралық отбасы күніне арналды (15 мамыр). Отбасы негізгі қоғам элементі ретінде тұрақтылық және дамытушылық факторы болып табылады. Отбасы арқасында мемлекет нығаяды және дамиды. Отбасы татулығы – еліміздің даму және ілгерлік өлшемі.

         Ата-аналар жиналысы күн тәртібінің мәселелері:

  1. «Жылдық табыстар»: мектеп жетістіктері.
  2. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру білім алушылардың тәрбие негізі.
  3. 11 сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауы және оқу жылының қорытындысы.
  4. Оқу үрдісін цифрлау.
  5. Мектептегі қамқоршылық кеңес қызметі және отбасы мен мектеп әрекеттестігін күшейту.

Барлығы 1987 ата-ана, немесе 81,4% құрады.

Ата-аналар жиналысының қорытындысы бойынша ұсыныстар мен шешімдер қабылданды.

05Май

Мектеп жасына дейінгі білім беру ұйымында білімділік қызметін ұйымдастыруда заманауи оң шешім табу

Мектеп жасына дейінгі білім беру ұйымында білімділік қызметін ұйымдастыруда заманауи оң шешім табу

ryh

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев, мектеп жасына дейінгі білім беру ұйымын жетілдіруде қоғам назарын аудара отырып, «Алдыңғы халықаралық тәжірибе негізінде мектепке дейінгі тәрбие беру және оқытуда оқытудың заманауи әдістерін енгізуді тапсырды. Олар жаңашыл, ал білімділік технологиясы – креативтік болуы керек. Мектепке дейінгі тәрбие беру және оқытуды дамыту жүйесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының бастапқылық бағыты болып табылады. Сондықтан мектепке дейінгі тәрбие беру және оқытуды сапалы ұстауға бүгінгі күні ерекше көңіл бөлінеді. Осылайша «Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылдың 5 мамырында «Рухани – Жаңғыру» Бағдарламасының, «Тәрбие және білім» бағдарламасының аясы шеңберінде «Федоров ауданы әкімдігінің «Ақерке» бөбекжай – бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны базасында «Мектеп жасына дейінгі білім беру ұйымында білімділік қызметін ұйымдастыруда заманауи оң шешім табу» тақырыбында аудандық семинар болып өтті.

            Оқу семинарының жұмысына балабақша меңгерушілері, әдіскерлер, мектепке дейінгі білім беру ұйымының тәрбиешілері қатысты. Семинардың мақсаты: педагогтардың кәсіптік құзіреттіліктерін жоғарылату; педагогтардың интеллектуалдық және шығармашылық бастамаларын дамыту; бірыңғай педагогикалық ұстанымдарды әзірлеу болып табылады.

Семинарда заманауи әдістерді пайдалана отырып қалай жұмыс істеу керек түсініктемелер бойынша баяндамаларымен, мектепке дейінгі тәрбие беру және оқытуға жаңа Мемлекеттік стандарт бойынша оң шешімін табу, Типтік оқу бағдарламасына сәйкес өздерінің әдістемелік әзірліктерін ұсына отырып: « Алёнушка» бөбекжай – бақшасының тәрбиешілері Боровкова Т.В, Перепада Н.А мектепке дейінгі білім беру ұйымының білім беру қызметінде дидактикалық құралдар мен дидактикалық ойындарды қолдану, мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық – тіл дамыту белсенділік тәсілдері сияқты сияқты, «Солнышко» бөбекжай – бақшасының тәрбиешілері Е.В. Лягушина жәнеН.Ю. Верещагамен «Тактілік ойындар» тақырыбында дидактикалық құралдар және жұмыс тәжірибесі ұсынылды. Сонан соң «Ақерке» бөбекжай – бақшасының педагогтарымен тікелей –білім қызметінің жоғарға деңгейде ашық көрсетілімі өткізілді, тәрбиешілер Елеукина К.М және Шуткова Н.Н. 2 кіші тобында «Торайға су туралы айтамыз» тақырыбында сабақ өткізілді, ортаңғы топ тәрбиешілері Н.А. Черенковамен «Құм еліне саяхат» тақырыбында сабақтар өткізді. Тәрбиеші Вернуш Н.А. ата- аналармен бірігіп, «Татулықтың тамыры- достық» іс – шарасын өткізіп, ата – аналарменжоғары әлеуеттік жұмыстарды көрсетті.

<<  43 44 45 46 47 [4849 50 51 52  >>