header-kz
22Май

"Безопасные каникулы" Дорогие ребята! Уважаемые родители!

Қауіпсіз демалыс" Қымбатты балалар! Құрметті ата-аналар!

Демалу және көңіл көтеру уақыты, көптен күткен жазғы демалыс жақындап келеді. Демалыстар жаңа және құанышты әсермен есте қалуы үшін әртүрлі өмірлік жағдайлардағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.

Құрметті ата-аналар, балалар өмірінің қауіпсіздігі біздің қолымызда!

Балаларға суға шомылу кезеңінде су қоймаларындағы, үйде, табиғатта тәртіптің ережелері туралы, жол жүру ережелері туралы балаларға түсіндірулеріңізге өтінеміз.

Қарапайым ұсыныстарды ұстану- балаңыздың денсаулығы мен өміріне қауіп төндірмеуге және жазғы демалысты жақсы өткізуге көмектеседі.

каникулы

22Май

Зачисление детей в 1 класс!

1 сыныпқа балаларды қабылдау!

Құрметті ата-аналар! Ағымдағы жылдың 1 маусымнан бастап барлық білім беру ұйымдарында "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламаларына оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету басталады. Аталған мемлекеттік қызмет "SAKURA: электрондық мектебі" білім беру порталының көмегімен электрондық форматта көрсетіледі. Бұл портал ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын 6 жастағы балалар мен балаларды 1 сыныпқа қабылдау процесін автоматтандыруға арналған. Мемлекеттік қызметті автоматтандырудың негізгі артықшылығы мектепке бару қажеттілігінің болмауы және бірінші сыныпқа ЭЦҚ пайдаланбай интернет-портал арқылы электронды форматта өтініш беру болып табылады. Ол үшін school.fedorovka.kostanay.e-orda.kz. сілтемесі арқылы өту керек. Ата-аналар баланың қалауы, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру ұйымын таңдауға құқылы. Портал арқылы бірінші сыныпқа түсу үшін ата-аналардан немесе өзге де заңды өкілдерден электрондық өтініш толтыру қажет;баланың жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін талап етіледі), туу туралы куәліктің көшірмесі (егер бала 2008 жылға дейін туылса), баланың іскерлік стиліндегі цифрлық фотосуреті (3х4 өлшем), денсаулық жағдайы туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы (№063/у нысан), "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген), "Бала денсаулығының төлқұжаты "026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген). Бұл құжат сканерленген форматта мынадай ақпаратты көрсетуі тиіс:титулдық парақ (баланың аты-жөні, туған күні, тұратын мекенжайы көрсетілген), ағымдағы жылғы жоспарлы тереңдетілген медициналық тексерулердің деректері (дәрігерлердің қорытындысы). Портал арқылы өтініш берілгеннен кейін сізге электрондық өтініш беру кезінде көрсетілген ұялы нөмірге СМС - хабарлама жіберіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасы және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар ұсынылған жағдайда, Сізге өтінішті қабылдаудан бас тартылады. Порталды пайдаланудың қадамдық басшылығы "Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі"ММ сайтында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша туындаған барлық мәселелер бойынша Сіз білім беру ұйымдарына "SAKURA" ақпараттық платформасында көрсетілген телефон нөмірлері бойынша немесе әкімдіктің білім бөліміне 21-9-50 телефон нөмірі бойынша хабарласа аласыз. Оқу орындарына құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 маусымынан 30 тамызына дейін жүргізіледі. «Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ

<<  1 2 3 [45 6 7 8  >>