header-kz
25Май

25

Құрметті әріптестер! Құрметті ұстаздар!

Бүгін біз 2019-2020 оқу жылының қорытындысын шығарамыз. Өткен оқу жылы барлығымыз үшін оқиғаларға толы болды,оның бірі-қашықтықтан оқытуға көшу. Біздің білім беру жүйесі үшін-бұл үлкен сын болды. Біздің алдымызда маңызды міндет тұрдықалыптасқан эпидемиологиялық жағдайда, оқыту процесін үзбей, балалардың, педагогтардың өмірі мен денсаулығын сақтау. Біздің педагогтеріміз алға қойған міндеттерді лайықты орындап шықты.

Сіздердің еңбектеріңіз бен шыдамдылығыңыз үшін, жоғары кәсіпқойлығы, жеделдігі және оқушылар мен ата-аналарға деген сезімталдығы үшін ауданның барлық педагогтарына алғысымды білдіргім келеді. Оқу жүктемесінен басқа біздің мұғалімдер ата-аналармен көп жұмыс істеді, олардың барлық сұрақтары мен өтініштеріне уақытында жауап берді.

Ата-аналарға түсіністігі, шыдамдылығы мен қолдаулары үшін, Сіз жаңа жағдайда оқу үдерісін ұйымдастыруға үлкен жауапкершілікпен қарағаныңыз үшін, өз балаларыңызға оқу материалын меңгеруге, мұғалімге оқушымен қажетті байланыс орнатуға көмектескеніңіз үшін де рахмет айтқым келеді. Осының арқасында біз барлық қиындықтарды еңсеріп, қажетті нәтижелерге қол жеткіздік.

Қымбатты балалар! Құрметті ұстаздар мен ата-аналар!

Сіздерді оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Түлектерді жаңа мүмкіндіктер мен перспективаларға толы ересек өмірдің басталуымен құттықтаймын! Сіз оны қалай шешесіз, тек сізге байланысты. Сіздерге болашаққа тамаша бастама берілді.

Бірнеше күннен кейін, сізге Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырған кезде, жоғары балл жинап, мемлекеттік білім грантын алуға үміткер болуыңыз қажет, бұл сізге мемлекеттік білім грантын алуға мүмкіндік береді.

Сіздердің өмір жолын дұрыс таңдауларыңызға, барлық үміт пен армандарыңыздың орындалуына тілектеспін! Қай жерде болмасаңыз да, Сіздер үшін туған мектеп, мұғалімдер және адал достар жарқын естеліктер болып қала берсін.

Алда ұстаздардардың жазғы демалысы қауіпсіз және қызықты өтуіне тілектеспін.

Федоров ауданы әкімдігінің

білім бөлімінің басшысы

Бектыбаева Д. А.

1526968834 15269687886

22Май

Великая Победа глазами молодых людей

"Қостанай дарыны" өңірлік ғылыми-практикалық орталығы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығына арналған «Жастардың көзқарасындағы Ұлы Жеңіс» атты облыстық сырттай фотоколлаждар байқауын өткізді. Аталған конкурсқа біздің ауданымыздан Минск НМ, М. Мәметова атындағы № 4 ОМ, Первомай ОМ 6 оқушысы қатысты. Конкурс қорытындысы бойынша "Тарихи фотосурет" номинациясы бойынша Минск НМ оқушысы Царев Богдан, Первомай ОМ оқушылары Клейн Виолетта және Унгер Захар 2 орынға ие болды.

6R0KrWf7hlInf7onINl65kYlR1Dh67v E

[12 3 4 5  >>