header-kz

Оқиғалар

30Май

«Музыка мен түстер әлемінде!»

«Музыка мен түстер әлемінде!»

«Музыка мен түстер әлемінде

Мамыр айы оқушылар үшін де, мектеп мұғалімдері үшін де оқиғаларға толы кезең. Оқу жылының қорытындылары мен мерекелік іс-шаралар мамыр айының барысында бірізділігімен жалғасып отырады. Федоров балалар өнер мектебі осы оқиғалардан тыс қалмайды – біздің оқушылар мен оқытушылар барлық аудандық, облыстық мерекелік іс-шаралардың тұрақты қатысушылары. Мектебіміз үшін басты іс-шара 29 мамыр күні өткізілді. Айтулы күнде барлық қызметкерлер мен білім алушыларымыз ауданның тұрғындарына 2018-2019 оқу жылы барысында жинақтаған өз білімі мен біліктіліктерін көрсетіп өтті. Мереке дәлізде басталды: үздіксіз музыка ойнап тұрды, «Жастар» мәдениет үйінің кіреберісінде көркемсурет бөлімінің оқушылары өз қолдарымен жасаған суреттері мен қолөнер бұйымдары мерекелік көңіл-күйді аша түсті. Мереке «Жастар» АМҮ сахнасында жалғасын тапты. Бірінен соң бірі көрсетілген концерттік нөмірлер көрермендерді қуантты. Концертке қонаққа келген сыйлы қонақтар оқушылар мен оқытушылардың жоғары жетістіктері туралы сөз қозғады. Аудан әкімінің орынбасары Р.Г.Валеев «В вихре танца» халықаралық байқауының жеңімпаздарын: мектептің хореографиялық тобын, көркемдік жетекшісі А.Шынарды марапаттады. Білім бөлімінің басшысы Д.А.Бектыбаева мұғалімдердің жетістіктерін атап өтіп, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру ісіне қосқан үлесі үшін аудандық білім бөлімінің мадақтамасымен ұстаздар Ж.СМ.Қуанованы, Е.А.Запорожануды, А.Шынарды, О.С.Шлехтті, А.Т.Бодопростты марапаттады. Бұл күн мектебіміздің түлектері үшін айтулы күн болып есте қалды: жүздеген көрермендердің алдында салтанатты түрде түлектеріміз өнер мектебін аяқтағаны туралы куәлік алып, мектеп директоры Ксения Валерьевна Исенгазинаның қолынан естелік мүсіншелер алды. Ұстаз үшін ең жақсы сый – талантты оқушысының өз дарынын көрсете білуі болып табылады. Мерекелік күні мектеп түлектері дарынды музыканттар ретінде өз өнерін ұстаздарына, ата-аналарына және қонақтарға арнады. Алдағы жылы Балалар өнер мектебі жаңа жетістіктер мен жеңістерге қол жеткізетініне, жас музыканттар мен әншілердің дарынын аша түсетініне сенімдіміз. Олар өз өнерлерімен көрерменін тәнті ететінін білеміз. Күннен-күнге дамып келе жатқан заманымызда музыка әлемі мен көркем өнері оқушыларымызды қызықтыра түседі деп сеніммен айта аламыз. Себебі музыка адамды рухани байытады, бойында жылулық пен мейірбандықты оятады. Сол себепті музыканы ести білейік, түсінейік. Жаңа оқу жылында кездескенше!

ОТ: жөніндегі директордың орынбасары

Е. Вишневская

IMG 6781-05-06-19-12-30IMG 6867-05-06-19-03-24IMG 6868-05-06-19-03-24IMG 6869-05-06-19-03-24IMG 6870-05-06-19-03-24 1IMG 6870-05-06-19-03-24 1IMG 6874-05-06-19-03-55IMG 6880-05-06-19-04-03

07Март

Два участника – два победителя Екі қатысушы – екі жеңімпаз

Екі қатысушы – екі жеңімпаз

2019 жылдың 5наурыз күні «Озат» дарынды балаларға арналған мектеп – интернаты» КММ аясында «Дарынды балаларға–талантты мұғалім» республикалық педагогикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.

         Осы олимпиадаға ережеге сай 5 жылға дейін жұмыс өтілі бар жас педагогтар қатысты. Бұл Пешков орта мектебінің педагогтары:

-         Шулякова Татьяна Александровна, математика мұғалімі;

-         Санникова Ксения Владимировна, мектеп психологі.

Олимпиаданың мазмұны нақты білім беру үдерісі жағдайында кәсіби педагогикалық шеберлікті көрсетуге мүмкіндік беретін конкурстық тапсырмаларды, кәсіби педагогикалық қызмет саласында педагог тұлғасының өзін-өзі анықтау және шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыру қабілетін қарастырды.

Педагогикалық олимпиада қорытындысы бойынша біздің педагогтарымыз бірінші орындарға ие болды!!!

Жыл сайынғы педагогикалық олимпиадада жас мамандардың жеңісіне өте қуаныштымыз!

Бұдан әрі біздің қатысушыларды 2019 жылдың 1-7 мамыр аралығында Тараз қаласында өтетін Республикалық кезең күтуде!!! Республикада лайықты қатысып, жеңіске жетеміз деп үміттенеміз!

М. Пригодич

IMG-20190305-WA0006IMG-20190305-WA0009IMG-20190305-WA0010

30Январь

корь

IMG-20190123-WA0001

media

28Декабрь

новогодняя елка 2018

IMG_6431.JPG

2018 жылдың 26 желтоқсан күні «Жастар» мәдениет үйінде Федоров ауданының әкімі атынан Жаңа жылдық шырша өткізілді. Іс-шараға                     9–13 жастағы жетім –балалар, ата-анасының қаморлығынсыз қалған балалар, мүгедек-балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары, дарынды балалар қатысты. Олардың назарына «Здравствуй, здравствуй Новый год!» театралдық ұсыныс ұсынылды. Федоров ауданының әкімі Исабаев Тауба Қайыржанұлы барлық балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады және оларға оқу жылында жаңа жетістіктерге жетуді, жақсы бағалар алуды, барлық тілектердің орындалуын тіледі. Оқушылар атынан Успенов орта мектебінің оқушысы Шұғайып Аяулым әкімге өз қолынан жасалған сурет-аппликация сыйлады. Мереке қатысушыларына аудан әкімі атынан смарт-сағаттар, келе жатқан жылдың бейнесі, тәтті сыйлық сыйланды. Ойын-сауық бағдарламадан кейін мерекелік түскі ас ұйымдастырылды.

 

IMG 6433

 

IMG 6537

 

IMG 6431IMG 6505

 

06Август

Call center

Call center

2018 жылдың 6 тамызынан бастап Федоров аудандық білім бөлімінде мектепке байланысты барлық сұрақтарға қатысты 87478053981 нөмірі бойынша Callcenterжедел телефон желісі жұмысын бастады, сонымен қатар Сіздің қолайлығыңыз үшін 8 714 42 21 9 50 телефоны қызмет етеді.

16Июль

2018 жылдың 9 – 16 шілде аралығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы апта» өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

2018 жылдың 9 – 16 шілде аралығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы апта» өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

ryh

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы апта аясында ауданның білім беру ұйымдарында түрлі әлеуметтік топтар қатысуымен сыбайлас жемқорылққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді.

         Бастауыш сынып оқушылары үшін «Дети против коррупци», «Стоп – Коррупция!» тақырыбына асфальттағы суреттер конкурсы өткізілді, оған 376 бала қатысты.

         Орта буын сынп оқушылары үшін «Дети о коррупции и методах борьбы с нею», «Что нужно знать о коррупции?» тақырыбына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы роликтердің қарауымен әңгімелесулер ұйымдастырылды, 1127 оқушы қамтылды.

         Педагогикалық ұжымдар және қызметкерлер арасында дәрістер өтті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер қарастырылды.

         «Мы за чистые руки» акциясы ұйымдастырылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытында жадынамалар таратылды, дүкендерде парақшалар жапсырылды.

         «Коррупци – нет!» ақпараттық стендтері жаңартылды, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт парақшалары, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықты танытатын формалар, оның зардаптары, сыбайлас жемқорлық қызметі үшін қылмыстық жауапкершілігі туралы ақпарат орналастырылды.

         «Мы живем по законам нашей страны» флеш-мобы ұйымдастырылды.

         Костряков ОМ, Первомай ОМ, Камышин ОМ, Пешков ОМ, Воронеж ОМ, М.Мәметова ат № 4 ОМ «Курочка Ряба», «Емелюшка» «Колобок-взяткодатель», «Теремок», «Как коза с коррупцией повстречалась» театралдық қойылымдары қойылды.

         Қоржынкөл ОМ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік бағдарламаны жұзеге асыру аясында дөңгелек үстел өткізілді, онда қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы аспектілері ақарастырылды.

         Баннов ОМ кітапханашысы Визер А.Ф. мектепалды лагеріне қатысатын оқушылармен «Жить по совести чести» тақырыбына тілдесу сағатын өткізді.

         Осы бағытында өткізілген іс-шаралар құқықтық позицияны және мәдениетті қалыптастырылады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімділігін арттырады.

Бас маман Р.Ахметова

3

12

20160610 114503

IMG-20180406-WA0048

IMG-20180712-WA0027

IMG-20180712-WA0028

IMG 20180406 110417

IMG 20180406 111626

05Июль

6 шілде – Қазақстанның астана күні және Елбасының туған күні,

6 шілде – Қазақстанның астана күні және Елбасының туған күні,

ryh

6 шілде – Қазақстанның астана күні және Елбасының туған күні, осы мерекеге орай «Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ Астананың 20-жылдығына арналған еңбек жиналысы өткізілді.

         20-жылдық мерейтой Тәуелсіздік Қазақстанымыздың тарихында атаулы оқиғалардың бірі болды.

         Астана – Қазақстанның жаңғырту белгісі, оның көп ұлтты халықтың сарқылмас жасампаз қуаттың белгісі. Бұл - қиыншылығы мол кезенде жаңа астананы салуды бастаған халықтың үміті мен өз күшіне сенімділігінің нышаны. Бұл бостандыққа қолжеткізген, өз болашағына сенімділікпен қарайтын ұлттың жарқын келешегінің нышаны.

03Март

«Лучший педагог 2018» «Үздік педагог - 2018»

«Үздік педагог - 2018»

ryh

«Үздік педагог - 2018»

         «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жаратылыстану-ғылыми кезеңнің мұғалімдері арасындағы «Үздік мұғалім - 2018» аудандық байқауының қатысуылары байқау ережесіне сәйкес барлық сынаулардан өтті. Бірінші және екінші кезең өтті, қорытынды шығарылды.

         Екінші кезеңде әр оқушы өз сабағын ұсынды, ең тиімді әдістерді қолдануғы тырысты. Мектеп конкурсының қатысушылары бонустық ұпайларға да ие болды, ал «қонақ сабақтар» өз «сыйлықтарын» дща көрсетті. Біздің қатысушыларымыз барлағына дайын болды. «Қонақ сабақтары» атысушылары Дарьева Светлана викторовна және Вишневская Елена Сергеевна стандартты емес құралды қолдану бойынша қосымша ұпайларға ие болды (осы критерий туралы байқау ережесінде айтылған). Вишневская Е.С. топ жұмысында планшеттерді қолданды, Дарьева С.В. 8 сынып оқушыларымен бірлесе отырып өзінің интерактивті картасын құрды. Байқау ережесінің және білім беру мазмұнын жаңарту талаптарын ескере отырып қатысушылар бірінші және екінші кезеңдерде тіл білімдерін қолданды. Байқаудың «жаңа» педагогтары оқушыларға ұнады, ал қатысушылар оқушылардың оң жағын белгіледі. Қатысушылар осы байқауға қатысу маңызды, естен кетпес, ынталандыру болып табылатынын белгіледі, өз қызметін талдауға, салыстыруға мүмкіндік береді. Педагогтар өз кәсіби шеберлігін көрсетті, сабақтар өте қызықты болды.

         Байқау қорытындысы бойынша:

3 орынға 3 қатысушы ие болды:

         Батыргалиева Роза Турлыбековна (Первомай ОМ);

         Утегенова Салтанат Сагингалиевна (Пешков ОМ);

         Альменова Салтанат Какановна (Димитров ат № 1 ОМ);

2 орынға 2 қатысушы ие болды:

         Паращенко Дарья Петровна (Димитров ат № 1 ОМ);

         Резник Инна Сергеевна (Димитров ат № 1 ОМ);

Конкурс жеңімпаздары екі қатысушы (1 орын):

         Дарьева Светлана Викторовна (Кеңарал ОМ);

         Вишневская Елена Сергеевна (М.Мәметова ат № 4 ОМ).

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері ережеге сәйкес білім бөлімінің мадақтамаларымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

         Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймын! Денсаулық, сенімділік, дамытушылық, шығармашылық тілейміз.

         Ең бастысы – балаларды оқуға үйрету, білімділікке, өмір сүруге, тату болуға, өз өмірін құруға.

М. Пригодич

06Ноябрь

Вниманию родителей!

Ата-аналардың назарына!

Жаңа «Балбөбек» бөбекжай-бақшасы ашылады.

Жақын арада Федоров ауылында Ленин көшесі 29 үйінде (бұрынғы балалар үйі ғимараты) 75 орынға арналған «Балбөбек» бөбекжай-бақшасы қызмет көрсете бастайды. Осы мектепке дейінгі білім беру ұйымына өз балаларын орналастырғысы келетін үміткерлер «Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімі» ММ мына мекен-жай бойынша өтініш білдірулеріңізге болады: Набережная көшесі, 65, байланыс телефоны 21950.

                  

                                                                  Возний С.Н.

                                              «Федоров ауданы әкімдігінің

         білім бөлімі» ММ бас

         маманы

20Апрель

Менің мамандығым – менің болашағым

Менің мамандығым – менің болашағым

20170418_101510

2017 жылдың 18 сәуірінде біздің ауданымыздың 15 мектебінің                 10-11 сынып оқушыларына арналған «Менің мамандығым – менің болашағым» кәсіптік бейіндеу форумы өтті.

Форумның ең басты алаңы Федоров ауылының «Жастар» аудандық мәдениет үйі болды, мәдениет үйі дәлізінде түлектерді оқу орындарының өкілдері өз көрмесімен және насихаттау материалдарымен күтті.

Федоров ауданының әкімі Исабаев Тауба Қайыржанұлы тілек сөздерімен мерекелік іс – шараны ашты.

Форумға 225 оқушы, 30ата-ана, 15 директорлары және облыстың                   6 ЖОО өкілдері қатысты:

  1. Байкенов МаратТокмиилович – А.Байтұрсынов ат. Қостанай мемлекеттік университетінің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы;
  2. Кобец Тимофей Сергеевич – Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының жаратылыстану ғылымдары кафедрасының аға оқытушысы;
  3. Божко Ларисв Леонидовна – Рудный индустриалдық институтының оқу және ғылыми жұмыстарының проректоры;

Калдыбаев Талас Абуалиевич - Рудный индустриалдық институтының қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы;

  1. Махметов Есмухан Хажмуратович – Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің экономика және басқару кафедрасының профессоры;
  2. Баганов Николай Анатольевич – М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің оқу-әдістемелік жұмысының проректоры;
  3. Лебедева Анна Дмитриевна – Қостанай қаласының Челябі мемлекеттік университеті филиалының экономика кафедрасының аға оқытушысы.

ЖОО өкілдері және студенттер мамандықтар туралы қысқаша мәлімет айтты және шағын концерт көрсетті.

Іс-шара аяқталған кезіңде «USTUDY» өңірлік тестілеу орталығының менеджері Елдос Маханбет орталық қызметі туралы сөз сөйледі.

 

20170418 10151020170418 11223720170418 11224220170418 12165820170418 11233720170418 112322

 

Орын: М.Турмин

 

1289807929 winrar-logo

 

06Февраль

Итоги олимпиады «Жаркын болашак» «Жарқын болашақ» олимпиадасының қорытындылары

«Жарқын болашақ» олимпиадасының қорытындылары

20170201_133429

Қазақ тілін оқыту сапасы арттыру мақсатында ауданымыздың жалпы білім беретін мектептерінің 7-11 сыныптары оқушылары арасында «Жарқын болашақ» олимпиадасын өткізу дәстүрге айналған. Республикалық олимпиада бес байқау шеңберінде өткізіледі.

«Тілші-әдебиетшілер» конкурсы – қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетінен білімін бағалау жарысы. Мақсаты – қазақ тілі мен әдебиетін терең меңгерген оқушыларды ынталандыру. Осы байқауда үздік оқушылар – Димитров ат. №1 ОМ оқушысы Дерунов Александр; М.Мәметова ат. №4 ОМ оқушысы Жакешова Асем облыстық кезеңге жолдама алды. №2 ОМ оқушысы Идрисова Динара мен Димитров ат. №1 ОМ оқушысы Воробкало Ирина аталған номинацияда екінші орныды иеленді. М.Мәметова ат. №4 ОМ оқушысы Аристанова Дарина, Димитров ат.№1 ОМ оқушысы Подмарков Александр қанжығасына үшінші орынды байлады.

«Жазушылар» конкурсы - қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың шығармашылық қабілетін бағалау жарысы. Мақсаты – жасөспірімдерді отансүйгіштік, ерлік, қаhармандық рухында тәрбиелеу, жазуға талапты балалардың қабiлет-қарымын ұштау, қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық ізденіске жұмылдыру. Іріктеу кезеңінде жүлделі орындарға ие болған Копычен НМ оқушысы Юсубова Тамаша, М.Мәметова ат.№4 ОМ оқушысы Сәлмен Сабина облыстық кезеңде бақтарын сынайды. Осы оқушылар берілген тақырыпта өз қаламының туындыларын әдеби көркем тілмен әспеттей білді.

«Жас ғалымдар» конкурсы –қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты бір тақырыпты қазақ тілінде ғылыми жақтан түсіндіру қабілетін бағалау жарысы. Димитров ат.№1 ОМ оқушылары Қарақпаева Дариға және Нұрмұхамедова Әсел «Қазақ халқының этномәдени деректі диалектизмдері» тақырыбында ғылыми жобаларын қорғады. Облыстық кезеңде өз жұмыстарын қорғауға мүмкіндік алды. Кеңарал мектебінен Кучербаева Лаура екінші орынды иеленді.

«Сөз шеберлері» конкурсы - қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың қазақ тілінде мәнерлеп оқып, өзіндік қабілетін көрсететін жарысы. Мақсаты – қазақ тілінде мәнерлеп сөйлеуге машықтану, сөздің мәнін жете түсіну, оның табиғатын тану және көркем шығармаларды мәнерлеп, нақышына келтіріп оқу арқылы оқушыны ауызекі сөйлеуге төселдіру. Успенов орта мектебінің оқушылары Алакаева Камила мен Семикина Елена мәнерлеп оқудан үздік атанды. Гатаулина Арина, М.Мәметова ат. №4 ОМ; Абдрахменова Жанель, №2 ОМ екінші орынды, Борисенко Ксения, Ленин ОМ, Күлмесхан Амангүл, Успенов ОМ үшінші орынды иеленді.

«Әнші-бұлбұлдар» конкурсықазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың қазақ тілінде ән айтып, өзіндік қабілетін көрсететін жарысы.Мақсаты – қазақ халық әндері мен қазақ сазгерлерінің шығармаларын насихаттау және талантты жастарды анықтау, оларды көпшілікке таныту.Осы байқаудаҚоржынкөл ОМ оқушысы Шауменова Меруерт, Кеңарал ОМ оқушысы Дюгаева Альбина қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылды.

Димитров ат. №1 ОМ оқушылары Қалиева Венера және Голубева Александра екінші орын иегерлері атанды. Демидова Кристина, Владыкин НМ Жақсылық Арман, Первомай ОМ үшінші орынды иеленді.

«Жарқын болашақ» олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін жеңістерімен құттықтаймыз. Білімнің биік шыңынан көріне білулеріне тілектеспіз!

20170201 13342920170201 13411020170201 135507

Әдіскер Г.Сәлмен

08Август

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы

         2016 жылдың 1 тамызында 9 рет жыл сайынғы «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы бастау алды. Ағымдағы жылы акция «Бақытты балалықтың аумағы» ұранымен өткізіледі.

Акция кезінде 1 қыркүйекте оқушылар толығымен дайын болуы үшін, мектепке дайындық кезінде көмекке мұқтаж балаларға қажетті оқу құралдарын, мектеп формасын, киім мен аяқ киім алуға назар аударылады.

Балалар – біздің болашағымыз. Сондықтан олар көмекті ұзақ күтпей, ауданымыз осы акция барысында жылдамдық пен жанашырлық таныта біледі деп сенеміз.

2015 жылдың мәліметтері бойынша бюджеттен тыс қаражат есебінен жалпы сомасы 1 972290 теңге көлемінде 251 оқушыға (көпбалалы, тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балалар, мүгедек балалар мен жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға) көмек көрсетілді. Көмек көрсетуге педагогикалық ұжымдар, ауылдық округтер әкімдері, мемлекеттік мекемелер, шаруашылық қожалықтары, ЖШС басшылары, жеке кәсіпкерлер ат салысты. Бір балаға шаққандағы шығын 7858 теңгені құрады.

2014 жылдың қорытындылары бойынша жалпы сомасы 1 473 400 теңгеге 239 оқушыға көмек көрсетілген. Бір балаға шығын 6160 теңгені құрады.

Салыстырмалы талдау 2015 жылы 2014 жылға қарағанда 498890 теңгеге артық көмек көрсетілді. Оқушылардың саны 12 оқушыға артқан.

Акцияға ЖШС, шаруашылық қожалықтары және жеке кәсіпкерлер қатысты.

Акцияға белсенді қатысқандар: «Карпенко Н.В.» ЖК – 100000 теңге; «Мацишина» ЖК- 80000 теңге; "Акбидай-Агро" ЖШС- 50000 теңге;                     "Грибак Н.П." ШҚ - 40200 теңге; «Беркут» ЖШС- 40000 теңге;                             «Енбек» ШҚ - 30000 теңге; «Иволга» ЖШС- 30000 теңге;                                       «Андреев» ЖК - 30000 теңге; «Кривонос» ЖК - 20000 теңге;                             «Жер» Иволга-Холдинг ЖШС – 20000 теңге; «Жарколь007» ЖШС - 20000 теңге; «Отан» дүкені - 20000 теңге; «Луч» ШҚ Ворнат Т.Н. – 15000 теңге; «Успеновское ХПП» ЖШС - 15000 теңге; «Алтын-Жаз 2005» ЖШС- 15000 теңге; "Дель Ю.А." ШҚ -15000 теңге;"Четыре сезона" дүкені - 15450 теңге; «Жданов» ШҚ - 10000 теңге; «Пшеничное» ЖШС - 10000 теңге;                         «Чандак» ЖШС - 10000 теңге; «Запасное» ЖШС- 10000 теңге;                                       "Агелова" ЖК - 10000 теңге; "Байменов" ЖК - 10000 теңге;                                          "Сельхозтехника" ЖШС - 10000 теңге;"Церр" ШҚ - 10000 теңге;                                       "Метелица" ШҚ - 10000 теңге.  

Акцияның аралық қорытындылары «Федоровские новости» газетінде жарияланды.

21Июнь

2016 жылғы мектеп түлектерімен қоштасу кеші! Выпускной вечер – 2016 год!

2016 жылғы мектеп түлектерімен қоштасу кеші!

IMG_6102.JPG

2016 жылдың 17 маусымында 181 түлек үшін көптен күткен мектеппен қоштасу күні келіп жетті.

Мерекенің өткізілуі Федоров ауылының орталық «Тәуелсіздік» алаңында өткізілді.

Мерекелік іс-шараны аудан әкімі Қайрат Жұмашұлы Ахметов өзінің жылы лебіздерімен ашты. Әкімнің қолынан үздік оқушыларға аттестаттар мен бағалы сыйлықтар берілді:

  1. 1.Васюк Максим, Баннов ОМ түлегі, ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындылары бойынша үздік нәтижелер көрсеткен оқушы.
  2. 2.Кубекова Айгерім, Пешков ОМ, ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындылары бойынша 110 балл жинаған оқушы.
  3. 3.Потыканенко Надежда, М.Мәметова ат.№ 4 ОМ 109 балл жинаған оқушы.
  4. 4.Павлов Евгений, Димитров ат. № 1 ОМ 104 балл жинаған оқушысы.
  5. 5.Овечкин Вадим, Воронеж ОМ 103 балл жинаған оқушысы.
  6. 6.Бега Юлия, Пешков ОМ түлегі, Челябі ММ Қостанай филиалында тегін оқуға грант алған оқушы.

Федоров ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тарапынан басшы Қойшығұлов Марат Байдәулетұлы сөз сөйледі. Ол Федоров ауданы халық шығармашылығы өнерпаздарын атап өтті.

  1. Тойлыбаева Галия –№ 2 ОМ түлегі (вокал)
  2. Калиногорская Елена – Димитров ат.№ 1 ОМ түлегі (вокал)
  3. Олексенко Надежда – Димитров ат.№ 1 ОМ түлегі (вокал)
  4. Криволапов Руслан – Димитров ат.№ 1 ОМ түлегі (духовой орекстр)
  5. Кульмухамбетов Данияр – Димитров ат.№ 1 ОМ түлегі (духовой орекстр)
  6. Шимохина Инна – Димитров ат.№ 1 ОМ түлегі (драма)
  7. Райн Юлия – Димитров ат.№ 1 ОМ түлегі (драма)
  8. Потыканенко Надежда – М.Мәметова ат. № 4 ОМ түлегі (драма)
  9. Илюхина Татьяна – М.Мәметова ат. № 4 ОМ түлегі (драма)
  10. Бисенгалиев Айдамир – М.Мәметова ат. № 4 ОМ түлегі (драма)
  11. Иванова Татьяна – Димитров ат. № 1 ОМ түлегі (хореография)
  12. Дамирчян Лидия – Димитров ат. № 1 ОМ түлегі (хореография)
  13. Искендирова Мадина – М.Мәметова ат. № 4 ОМ түлегі (хореография)

Дәстүр бойынша Пешков орта мектебінің түлегі Кубекова Айгерім, Баннов ОМ түлегі Васюк Максим, М.Мәметова ат. №4 ОМ түлегі Потыканенко Надежда құттықтау сөздерімен сахна төрінде ата-аналары мен ұстаздарының үміттерін ақтайтынын айтты.

Мұғалімдер қауымдастығынан мектеп түлектеріне М.Мәметова ат.№4 ОМ мұғалімі, 11 сынып жетекшісі Байменова Айгүл Әділбекқызы ақ жол тіледі.

Салтанатты іс-шара Қайрат Жұмашұлымен естелік суретке түсумен аяқталды.

Мектеппен қоштасу кеші мектеп қабырғаларында жалғасты.

Әдіскер Ахметова Р.К.

 

IMG 6102IMG 6153

 

25Май

25

25

posl_zvonok

posl zvonok

[12 3  >>  

Соңғы іс-шаралар

Опрос
Считаете ли вы необходимой обязательную школьную форму?
Считаете ли вы необходимой обязательную школьную форму?
You must select at least one item to vote!

Опрос

Считаете ли вы необходимой обязательную школьную форму?
Да, это дисциплинирует учащихся, прививает навыки этикета - 42.9%
Да, это не подчёркивает социальную принадлежность ученика - 14.3%
Нет, форма лишает ученика индивидуальности - 42.9%
Нет, это невыгодно для семейного бюджета - 0%
Затрудняюсь ответить - 0%

Всего голосов: 7
The voting for this poll has ended on: 31.12.2014

ban 1 

ban 2

ryh

WhatsApp1

bilimland logotip

gos zakup rus

kundelik

nobd