header-kz
10Апрель

‼️ МТСЗН РК сообщает о возможной задержке сроков рассмотрения заявлений на 42 500 тенге

‼ҚР ЕХӘҚМ 42 500 теңге алуға өтінімдерді қарау уақыты ұзартылуы мүмкін екенін хабарлайды

Бұл мәселе өтінімдердің бір адамнан бірнеше рет қайталанып түсуіне байланысты туындап отыр.

Мәселен, 8 сәуірдегі түнгі сағат 11-дегі жағдай бойынша 3,1 млн хабарламаның 1,3 млн-ы қайталанып түскен.

Барлық өтінім түрлі ақпараттық деректер қорында бірнеше параметрлер бойынша мұқият тексеруден өтеді. Оның ішінде:
• адамның аты-жөні;
• ЖСН;
• банк шотының нөмірі;
• жұмысына қатысты мағлұматтар және т. б.

Мәліметтерді тексере келе, 42 500 теңгелік төлемге талапқа сай келмейтін азаматтардың да өтінім бергені анықталды:
❌ жұмыс істейтін;
❌ дұрыс емес банк шоттары немесе бөгде біреудің жарамсыз банк шоттарын беру;
❌ марқұм болып кеткен адамдардың атынан түскен өтінімдер;
❌ шетелде тұратын тұлғалардың атынан берілген өтінімдер;
❌ әлеуметтік сақтандыру жүйесіне ешқашан қатыспаған, оған қаражат аудармаған азаматтар да бар.

Осыған ұқсас деректердің 405 мыңнан астамы айқындалды.

📨 Бастапқыда бұл өтінімдерді қарап, деректерді тексеру мерзімі 7 жұмыс күні деп белгіленген еді. Төлемдерді тезірек жүргізу үшін, өтінімдерді қарау мерзімі 3 жұмыс күніне дейін қысқартылды.

Азаматтардан 3 жұмыс күнінен соң төлемді тағайындау туралы хабарлама алмаса, алаңдамауды сұраймыз. Әр өтініш бойынша ақпарат тексерілгеннен кейін міндетті түрде өтінім жолдаушыға қабылданған шешім туралы хабарланады.

⚡️Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы

  • Общая оценка (0)

    0 из 5 баллов

    Добавить комментарий

    Комментировать как гость

    0
    • Комментариев нет

Соңғы іс-шаралар

Опрос
Считаете ли вы необходимой обязательную школьную форму?
Считаете ли вы необходимой обязательную школьную форму?
You must select at least one item to vote!

Опрос

Считаете ли вы необходимой обязательную школьную форму?
Да, это дисциплинирует учащихся, прививает навыки этикета - 42.9%
Да, это не подчёркивает социальную принадлежность ученика - 14.3%
Нет, форма лишает ученика индивидуальности - 42.9%
Нет, это невыгодно для семейного бюджета - 0%
Затрудняюсь ответить - 0%

Всего голосов: 7
The voting for this poll has ended on: 31.12.2014

ban 1 

ban 2

ryh

WhatsApp1

bilimland logotip

gos zakup rus

kundelik

nobd